Жазира Байырбекова мұқтаж отбасыға көмектесу үшін қымбат көйлектерін сатып жатыр
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова өзінің сахналық қымбат көйлектерін сатылымға шығарды. Өнер иесі бұл қадамға желіде көпшіліктен көмек сұраған отбасы үшін барған. Ол сатылымнан түскен қаржы мұқтаж жанұяға берілетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Жазира Байырбекова Instagram парақшасында хабарлады. Шоу-бизнес жұлдызы жанкүйерлерін игі бастаманы барынша қолдауға шақырды.
Әнші өзінен дизайнерлік көйлек сатып алған жан өзін ғана қуантып қоймай, мұқтаж отбасыға да қуаныш сыйлай алатынын айтты. Ол сатылымнан түскен қаражаттың барлығы көмекке зәру болып отырған жанұяға табысталатынын жеткізді.
"Интернетте күні кеше жүрген анасы Бақтыгүл мен баласы Оразымбеттің видеосы көңілімізді босатты. Егер де жоғарыда көрсетілген көйлектерді сатып алатын болсаңыздар, тікелей "Қаракет" қорының шотына жіберіп, бір көмек қолын созасыздар", - деп жазды Байырбекова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951648-zazira-baiyrbekova-muqtaz-otbasyna-komektesu-usin-qymbat-kolekterin-satyp-zatyr/