Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірімнің әр сәтін бағалаймын": Америкаға кеткен Фариза Төреәлі өз әсерімен бөлісті

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фото: Instagram/fariza_toreali

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы жақында ғана жолдасымен бірге Америка құрама штаттарына ұшып кеткен болатын. Ерлі-зайыпты АҚШ-қа белгілі бір уақытқа қоныс аударды. Фариза Төреәлі өзге елден алған әсерімен бірден оқырмандарымен бөліскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі барлық саяхаттары туралы жанкүйерлері толығырақ ақпарат беруге тырысады. Бұл жолы да жас блогер өз оқырмандарына Америкадағы өміріне қатысты бар шындықты айтты.

"Нью-Йорк жүрегімді жаулап алды. Бұл қалада дамуға, жұмыс жасауға, оқуға шабыт ашылып мотивация одан сайын көбейді. Әрбір мүмкіндіктер мен Алланың шексіз мейіріміне сансыз шүкірлер. Өмірімнің әр сәтін бағалаймын. Келесі мақсатымыз ата-анамызды осы жерге алып келу, ИнШаАлла", - деп жазды Фариза Instagram парақшасында.

Желі жұлдызы бұл өмірде тынбай еңбек етсең, қолыңнан бәрі келетінін алға тартты.

"Фариза қыз нені ұқты? Қолыңнан келетін істің бәрін жасап, тынбай еңбек ету. Ісіңді де, өзіңді де, тіпті өміріңді Аллаға тапсыру. Тәуекелге бел байлау. Алла - бәрін Білуші, ненің қайырлы екенін , ненің қайырлы еместігін айқын біледі. Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді деген қазақта сөз бар ғой, кейде уақытымыздың көбін уайымға жұмсап қоямыз. Ал жүректе "Аллаға деген сенім" болса, барлық "қайғы" атты дерт жоқ болып кетеді. Күшіңізді сақтаңыз, керексіз әрі пайдасыз дүниеге жұмсамаңыз. Бастысы Алладан үміт үзбеңіз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951723-omirimnin-ar-satin-bagalaimyn-amerikaga-ketken-fariza-toreali-oz-aserimen-bolisti/

pixel