Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір ән үшін 100 мың теңге аламын": Рамазан Амантай өз табысы туралы айтты

Опубликовано:

Рамазан Амантай
Рамазан Амантай. Скриншот: видеодан алынды

Қазақстандық танымал актер Рамазан Амантай өз табысы туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі киноға түсіп қана қоймай, жұлдыздарға ән жазып ақша табатын болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Рамазан Амантай жылына 2-3 киноға түсіп, қалған уақытын ән жазуға арнайтынын айтты. Актер өзінің шығармашылығы мен табысы жайлы "40 сұрақ" бағдарламасында әңгімеледі.

"Бос уақытымда ақындығымды шыңдаймын. 400-ге жуық әнге сөз жаздым. Халық актер ретінде таниды. Бірақ өзіме ақындық жақын. Бір әннің мәтіні үшін 100 мың теңге аламын", — деді Рамазан Амантай.

Оның көптеген әндері ел арасында хитке айналып үлгерген. Тойларда айтылып жүрген "Аягөз, қайда барасың?", "Проблема жоқ", "Тәтті махаббатым" деген әндердің мәтінін, тіпті кейбірінің әуенін де Рамазан жазған. Төреғали Төреәлі, Қуандық Рахым, Әділет Жауғашар секілді эстрада әншілері Рамазанға жиі қолқа салады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951877-bir-an-usin-100-myn-tenge-alamyn-ramazan-amantai-oz-tabysy-turaly-aitty/

pixel