"Кіндігін әкесі кесті": Ана атанған Айсәуле Бақытбек алғашқы әсерімен бөлісті (фото)
Жарияланған күні:
Күні кеше ғана ана атанған Айсәуле Бақытбек перзентханадан фото жариялап, босанудан кейінгі алғашқы әсерімен бөлісті. Желі жұлдызы аса маңызды кезеңде жоғары кәсібилігін танытқан дәрігерлер мен қасынан табылған жолдасына алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айсәуле Бақытбек өміріндегі ерекше сәтімен Instagram парақшасында бөліскен. Ол ана бақытын сезінуге ештеңе жетпейтінін айтты.
"Мына суреттен кейін екі сағаттан соң ана атандым. Менен 10 сағат бойы және қазірге дейін көз алмай келе жатқан акушерлерге алғыс айтқым келеді. Әркез жанымда болып, қызымыздың кіндігін кескен күйеуіме рахмет. Бұл керемет тәжірибе болды. Балапаныңды қолға алу бақытына ештеңе тең келмейді екен. Барлығының жақсы өткені үшін құдайға рахмет" - деп жазды жас ана.
Желі қолданушылары жас жұбайларды жарыса құттықтап, анасы мен қызына денсаулық тіледі.
Айта кетейік, кеше 18 қаңтар күні Айсәуле Бақытбектің босанғаны белгілі болды. Блогер арудың қызды болғанын оның әпкесі Аша Матай хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951901-kindigin-akesi-kesti-ana-atangan-aisaule-baqytbek-algasqy-aserimen-bolisti-foto/