Кенжебек Жанәбілов: Жаман нәрсенің бәрі көргенсізден, тәрбие көрмеген баладан шығады

Опубликовано:

Кенжебек Жанәбілов
Фото: Instagram/kenzhebekmuzart

"МузАрт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов елдің болашағына қатысты өз ой-толғауын бөлісті. Өнер иесінің пікірінше, жарқын келешекке қол жеткізу үшін жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру керек, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кенжебек Жанәбілов болашақ тақырыбын Instagram парақшасында көтерген. Әнші еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін алға тартты. Ал оларға дұрыс тәрбие беру үлкен буынның міндеті деді ол.

"Елдің болашағы жарқын болу үшін, ұрпағымызға өзімізді дұрыс жағынан көрсете білуіміз керек. Жаман нәрсенің бәрі көргенсізден, тәрбие көрмеген баладан шығады. Ұрпағымыздың алаңдамай жүргені өзімізге жақсы емес па", - деп жазды Жанәбілов.

Желі қолданушылары өнер иесінің сөзіне қосылып, оған өз қолдауларын білдірді.

"Өте дұрыс айтылған. Келісемін". "Жүз пайыз сіздің сөзіңізбен келісемін, қосыламын", "Дұрыс! Əлеуметтік желілерде тек жақсы тəрбиелі мəн мағынасы бар заттар салынсын", "Өте дұрыс айтылған сөздер. Тәрбие отбасынан", "Дұрыс айтасыз ел болам десең бесігіңді түзе деген. Әр кім өз отбасынан бастау керек.", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951938-kenzebek-zanabilov-zaman-narsenin-bari-korgensizdentarbie-kormegen-baladan-sygady/