Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолдыбаеваға лас кесеге шай құйып бердім": Жазира Еркін ыңғайсыз жағдайға тап болғанын айтты

Опубликовано:

Жазира Еркін
Фото: Instagram/zhazira_yerkin

Отандық жас актриса Жазира Еркін өзіне қатысты тың мәліметтерді бөлісіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Ол өнерге енді ғана келіп, әншілермен бірге жұмыс жасап жүргенде өзі ұялатын әрекеттерге барғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Еркін отандық эстраданың атышулы әншісі Кәмшат Жолдыбаеваның алдында аса ыңғайсыз жағдайға қалған.

Ол әртіске лас кесеге шай құйып беріп, қатты ұялып қалғанын айтты.

"Мен телевизияда жұмыс істегенде әншілерге шай құятынмын. Менің жұмысым сол болатын. Шай құюмен айналыстым. Бір күні Кәмшат Жолдыбаева келді. Менен шай сұрады. Мен шай құйып апарып бердім. Бірақ кір кесеге құйыппын. Кәмшат "кесеңіз лас екен, басқа кесеге құйып бересіз бе?" деп кесемді қайтарып берді. Мен ұялып қалдым. Сол үшін әлі де ыңғайсызданам", - дейді ол "Хит ТВ" арнасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952054-zoldybaevaga-las-kesege-sai-quiyp-berdim-zazira-erkin-yngaisyz-zagdaiga-tap-bolganyn-aityp-berdi/

pixel