Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбай өмірден өтті

Опубликовано:

Аралбай Төлеубек
Фото: auezov-theatre.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері Аралбай Төлеубек Мұхамеджанұлы 72 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің баспасөз қызметі жеткізді.

"Қазақ мәдениеті мен өнері ауыр қазаға ұшырады. Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі, театр және кино актері Аралбай Төлеубек Мұхамеджанұлы өмірден өтті. Өнер майталманы болған дара тұлғаның қазасына байланысты отбасы мен жақындарына, әріптестері мен күллі қазақ жұртына қайғыра көңіл айтамыз. Дара талант есімі қазақ өнерінде алтын әріптермен жазылып қалмақ", - делінген сыншылар бірлестігінің Instagram парақшасында жариялаған жазбасында.

Төлеубек Аралбайдың неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

Төлеубек Аралбай 1950 жылы Семей қаласында дүниеге келді.

1966 жылы Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны бітірген.

1992-1995 жж. Төлеубек Аралбай театр сахнасында еңбектене жүріп Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясын "Драма және кино режиссері" мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1976 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952069-qazaqstannyn-enbek-sinirgen-artisi-toleubek-aralbai-omirden-otti/

pixel