Танымал актер Бақтияр Қожаның жұбайы қайтыс болды
Жарияланған күні:
Танымал қазақ актері Бақтияр Қожаның жұбайы Баян Құралқызы өмірден өтті. Бұл туралы М.Әуезов атындағы драма театрдың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Қожаның жұбайы Баян Құралқызының мезгілсіз дүние салуына байланысты М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы қайғыға ортақтасып, марқұмның туған-туыс, жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деп жазылған театр баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952097-tanymal-akter-baqtiyar-qozanyn-zubaiy-qaitys-boldy/