Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Парақшам бұғатталды": Желіге оралған Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен байланысқа шықты

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақ атын күллі әлемге танытқан Димаш Құдайберген әлеуметтік желіге оралып, өз жанкүйерлеріне маңызды хабарлама жасады. Өнер иесінің парақшасы бұғатталып, ол бірнеше күн бойы байланысқа шыға алмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Димаш өзінің Instagram парақшасында айтқан. Әнші желіге оралғанын ғана жариялап қоймай, жанкүйерлеріне тағы бір қуанышты хабарды жеткізді. Ол наурыз айында Дубай қаласында үлкен концерт бермек.

"Қымбатты достар! Менің инстаграм парақшам бұғатталып, өздеріңізбен біраздан бері байланысу мүмкін болмады. Мені іздеп жазған толассыз хаттарыңыз бен қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Сіздерді қатты сағындым, құрметті достар! 25 наурызда екі жылдық пандемиядан кейін Дубай қаласындағы Coca Cola аренада өтетін үлкен жеке концертімнің өтетіндігін хабарлаймын. Билеттер сторис пен профиль сілтемесінде. Көріскенше, достар", - деп жазды ол.

Димашты таба алмай уайымға салынған тыңдармандары бұл жаңалықтарға қуанып, оған өз қолдауларын білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952106-paraqsam-bugattaldy-zelige-oralgan-dimas-qudaibergen-zankuierlerimen-bailanysqa-syqty/

pixel