Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шексіз бақыттымыз": Аяғы ауыр Джуринская гендер-пати жасап, сәбиінің жынысын анықтады (видео)

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская гендер-пати ұйымдастырып, қалың көпшілікке болашақ баласының жынысын жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская болашақ сәбиінің жынысын анықтайтын шара жасап, ондағы қызықты сәттерді Instagram парақшасында жария етті.

Ерлі-зайыптының қуанышын бөлісуге жақын достары келген. Олар болашақ ата-анаға қолдау білдіріп, құттықтауларын аямады.

Джуринская гендер-патиден қызды болатынын біліп, қуанышын жасыра алмағанын айтады.

"Шексіз бақыттымыз. Жарым әке болып жатқанын әлі түсінбей жатыр", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары да ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952286-ayagy-auyr-dzurinskaya-gender-pati-zasap-sabiinin-zynysyn-anyqtady-video/

pixel