Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова: Өмірдің ыстық-суығын көрмеген жастар ақыл айтқыш

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде жазба жариялап, бүгінгі жастардың тәрбиесін сөз етті. Ол халқымыздың өсек-аяңға әуес болып бара жатқанын ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова бұл өзекті тақырып жайында өз ойымен Instagram парақшасында бөлісті. Белгілі продюсер "ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген қағиданы еске салып, бүгінде жас ұрпақтың дұрыс тәрбие алуына үлкен мән беру керектігін атап өтті.

"Жастарымыздың, ұрпағымыздың болашақ өмірі жарқын болу үшін жұмыла кірісуіміз керек.
Баяғыда үлкенді сыйлау, ата-ананы, мұғалімді құрметтеуге тәрбиелеуші еді, ең бастапқы тәрбие осыдан басталады. Өмірдің ыстық-суығын көрмеген жастар ақыл айтқыш. Бәрі блогер, қандай жолмен болса да ақша табу, алданып бала-шағасының аузынан жырып берген ақшаларына күйініп, зар жылаған адамдар.
"Қармағыма кім түседі, кімді алдап, қалтамды қомпайтсам" деген оймен пәтер, жер сату, жалдамалы пәтер тауып беруші алаяқ маклерлер. Бала-шағаға берген нанның адал болуын ескеруден қалдық. "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген. Ауызбіршілігіміз бар ел болайық", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952325-gulzira-aidarbekova-oseksi-xalyqqa-ainalyp-baramyz/