Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешнәрсе көрмегендей, естімегендей күліп жүру маған қиын": Жазира Байырбекова елдегі жағдай өзіне ауыр тигенін айтты

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова қаңтардың басында өткен тәртіпсіздіктерден кейін қандай әсер алғанын айтты. Өнер иесі елде болған жағдайдан соң, жаны жай таппай жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекованың сөзінше, мемлекетімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барша қазақстандықтарға ауыр тиген. Эстрада жұлдызы бұл оқиғалар салдарынан халық үлкен күйзеліске түскенін айтты.

"Аллаға шүкір, отбасым,жақындарым аман. Бірақ елімізде болған оқиғадан жаным жай таппай жүр. Халық күйзелісте. Ешнәрсе көрмегендей, естімегендей күліп жүру қиын маған. Бір күнде бәріңіз бір-біріңізді кешіріп, татулассаңыздар екен. Алладан отаныма бейбітшілік тілеймін. Бәрін Аллаға тапсырдым!", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары өнер иесіне барынша қолдау білдіруге тырысты.

"Дұрыс айтасың. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", "Бейбіт күндер әлі алда. Қазақстанның болашағы зор", "Өте дұрыс айтылған сөздер. Сені қолдаймын", "Шынында да берекеміз қашты. Бәрі бітсе екен. Тыныш күндер орнаса екен", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952343-xalyq-kuizeliste-zazira-baiyrbekova-eldegi-zagdaidan-keiin-qandai-aserde-ekenin-aitty/