"Жаңа бағыт": Анна Данченконың телевизия саласынан кететіні рас па

Опубликовано:

Анна Данченко
Фото: Instagram/ann_2905

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко жаңа жұмыс орны туралы айтып, оқырмандарын қызықтырып қойды. Ақпарат өкіліне келіп түскен ұсыныстың медиа саласына еш қатысы жоқ екені белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко мансап жолындағы жаңа бағыты туралы Instagram парақшасында айтып берді. Тележүргізушіге аса ерекше ұсыныс түскен. Алайда, оның медиа және білім беру саласына да еш қатысы жоқ екен.

Ақпарат өкілі жаңа жұмыс орнына қатысты әзірге нақты шешім қабылдаған жоқ. Ол бұл тұрғыда оқырмандарының көмегіне жүгінді.

"Жаңа жұмыс орны. Кеше мені бір кісі кездесуге шақырды. Бүгін келіскендей жұмыс орнына бардым. Басты мақсаты - маған жаңа қызмет ұсыну екен. Бір қызығы, таңертен тұрып "ол қандай қызмет, тіпті еңбекақысы қандай болатынын іштей сездім". Бір сағаттай сөйлестік. Ол қызмет Медиа, ТВ саласына қатысты емес. Ұстаздық, дәріс оқу, оқытумен де байланысы жоқ.
Бірақ менің төрт тілде еркін сөйлеп, сол тілдерде мәтін жаза алатынымды, журналистикадан көп жылдық тәжірибемді жұмыс ұсынушы мырза жоғары бағалады. Әр істің жақсы да кері жағы бар. Жаңа бағыт. Жұмыс кестесі өзгеше. Іс-сапарлар. Енді ойланып отырмын. Ұсынысты қабылдау керек пе, қалай ойлайсыздар? Жалпы, шешім қабылдауға келгенде Сіздер не нәрсеге сүйінесіздер? Кеңестеріңіз қажет", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952359-zana-bagyt-anna-dancenkonyn-televiziya-salasynan-ketetini-ras-pa/