"Әлі тоқтамаймын": Қатты арықтап кеткен Жасұлан Базарбаевты ел танымай қалды (фото)
Жарияланған күні:
"Диета KZ" тобының мүшесі Жасұлан Базарбаев едәуір салмақ тасап, стиліне өзгеріс енгізген. Әншінің қатты арықтап кеткенін желі қолданушылары байқап қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жасұлан Базарбаев бұл нәтижемен тоқтап қалғысы келмейтінін айтты. Салмақ тастағалы өзін анағұрлым жеңіл сезіне бастаған әнші алдағы уақытта бұдн да арықтауды көздеп отыр.
Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды. Әнші толық болған кезі мен қазіргі келбетін өзара салыстырды. Ол өзінің салмақ тастауының құпиясымен кейінірек бөлісетінін айтты.
"Рахат-ай, мен әлі тоқтамаймын. Сосын айтарым, ештеме ішпедім, ешкімнің диетасын ұстамадым. Менің суретімді қойып, дәрі-дәрмек жарнамаласа, сенбеңіздер. Қазір де басты қатырып, ақша ұсынып жатқан кісілер көп. Біреудің арбауына түсіп қалмаңыздар. Қалай салмақ тастағаным туралы кейін пост салам, әзірге сабыр", - деп жазды ол.
Желідегілер Жасұлан Базарбаевтың жетістігіне тәнті болып, оған қолдау білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952788-ali-toqtamaimyn-qatty-aryqtap-ketken-zasulan-bazarbaevty-el-tanymai-qaldy-foto/