Айқын Төлепберген АҚШ-та қазақ жастарына арнайы концерт бермек

Опубликовано:

Айқын Төлепберген
Фото: Instagram/aikyn

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген ақпан айында Америка құрама штаттарына ән сапарға аттанбақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өнер иесінің өзі Instagram парақшасында хабарлады. Әнші Американың үш штатында концерттік шара ұйымдастырып, сол жақта тұратын қазақ жастарына өнер көрсетпек.

Айқын Төлепбергеннің ән сапары Майами, Лос-Анджелес пен Нью-Йорк қалаларында өтетін болады. Ол отандастарымен қауышуға асық екенін айтты.

"Америка! Мен сіздерді асыға күтемін. Көріскенше", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызы үшін аса қуанышты екенін айтып, оған сәттілік тіледі. Америкада тұратын қазақстандықтар да пікір қалдырып, оның концертіне міндетті түрде баратындарын жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952999-aiqyn-tolepbergen-aqs-ta-qazaq-zastaryna-koncert-bermek/