"Бір жанға еркелеп отырмын": Ерке Есмаханның жаңа жазбасы қызу талқыланып жатыр
Опубликовано:
Отандық танымал әнші Ерке Есмаханның жеке өмірі үнемі ел назарында. Желі қолданушылары жақында Азамат Зенкаевпен айырылысып кеткен өнер иесі жаңа қарым-қатынас бастады деп болжауда. Оған арудың желідегі жазбалары себеп болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Instagram желісінде жан сырын ақтарды. Шоу-бизнес жұлдызы өзін "қылықты қыз" деп атап, еркелегенді жақсы көретінін айтты.
"Кейде таңағаламын. Менің есімім қалай дәл тауып қойылған? Мен тым еркемін. Күнім еркелеумен басталып, еркелеумен аяқталады. Ұйықтап жатып та еркелеп ұйықтаймын. Өмір өзі еркелетеді. Сіздер де еркелетесіздер. Қазірдің өзінде бір жанға еркелеп отырмын. Кейде ұрсып аламын. Қысқасы мен қылықты қызбын", — деді Ерке Есмахан.
Айта кетейік, бұған дейін бірге ән салған Ерке Есмахан мен Әміре желіде қызу талқыға қалған еді. Қалың көпшілік махаббатты жырлаған қос әншінің арасында сезім бар деп болжады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953008-qylyqty-qyzbyn-erke-esmaxan-gasygyna-erkelep-zurgenin-aitty/