Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Дариға Бадықова келіндер сайысын өткізбек

Опубликовано:

Дариға Бадықова актрисалармен
Фото: Instagram/dariga_badykova

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова алдағы уақытта келіндер сайысын өткізуді жоспарлауда. Өнер иесі бұл шараға әр өңірден келіншектерді шақыртпақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова келіндер сайысын киелі Тараз қаласында өткізбекші. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Актриса пандемия мен атыстардан адамдардың көңілі құлазығанын алға тартып, осындай шара ұйымдастырғысы келетінін жария етті. Өнер иесі бұл тұрғыда оқырмандарына жүгініп, аталмыш сайысқа қатысты олардың ойын білмек болды.

"Бір ойға шомып отырғаным ай, орта жасқа келгендікі ме? Келіндер сайысын жасағым келеді. Барлық өңірдің келіндерінің басын қосып, келіндер сайысын Киелі Тараз қаласында жасағымыз келіп отыр. Пандемия, карантин, атыс-шабыс деп әбден көңіл-күйіміз құлазыды. Халық үрейден басқа ештеңе ойламайтын болды. Теледидарды қосып қалсаң, тек ресми жаңалықтар, қорқынышты ақпараттар.
Салт-дәстүрді дәріптеп, келіндердің ынтасын жақсартсақ, оның несі әбестік? "Әдепті келін-ауыл көркі" дейді. Қалай ойлайсыздар? Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық Қазақстаннан бір-бір жас келіндерден шақырсақ? Жас келін келесіз бе? Келін - салт-дәстүр дәріптеуші. Келін - ұрпақ тәрбиелеуші. Келін - отбасының бет пердесі", - деп жазды Бадықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953202-aktrisa-dariga-badyqova-kelinder-saiysyn-otkizbek/

pixel