Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғасы бар": Төреғали Төреәлі алғаш рет кенже ұлын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі ұлымен
Фото: Instagram/toregalitoreali

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі алғаш рет қалың көпшілікке кенже ұлын көрсетті. Өнер иесі перзентімен түскен суретін жариялап, елді сүйсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреағали Төреәлі ұлымен түскен фотосын Instagram парақшасына жүктеді. Суретте әртістің баласын құшақтап отырғанын көруге болады.

Оған қоса, өнер иесі отбасыға қатысты өлең жолдарымен бөлісіп, болашақта тағы да сәби сүюге ниет білдірді.

"Жалғыз ұлы бар кісінің Шығар-шықпас жаны бар, Екі ұлы бар кісінің Өкпе-бауыр, жалы бар, Үш ұлы бар кісінің Бұқарада малы бар, қорасында қолы бар, Төрт ұлы бар кісінің Аспаннан салған жолы бар

Деген дана халқымыз Қалай сөзден жаңылар? Естідің бе, ей келінжан Маңдайында бағы бар?! Тілек айтса ағайын Аспанға жол табылар. Алла қаласа, жалғасы ТТТ - лардың тағы бар! Алғысын елдің, ал менің Ұсынысымды қабыл ал", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары ұлы мен әкесіне тәнті болып, оларға ақ тілектерін жолдады.

"Жұғысты болсын", "Алла жазса тағы да балалы боларсыздар", "Ұлыңыз тәтті екен", "Барлық балаларыңыз өзіңізге ұқсап кеткен бе?", "Қандай керемет көрініс", "Бақытты болыңыздар. Толқын әпке сізге тағы да тәтті балақайлар сыйласын", "Айтқан тілегіңіз орындалсын", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953776-zalgasy-bar-toregali-toreali-algas-ret-kenze-ulyn-korsetti-foto/

pixel