Жазира Байырбекова: Әйелге жауапкершілікті үйіп, ерлерді еркелетіп жіберген сияқтымыз

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова ер адамның өміріндегі әйелдің әсері туралы айтып, өз ой-толғауымен бөлісті. Өнер иесі бүгінде бар жауапкершілік келіншектерге жүктелгенін алға тартып, азаматтардың еркелеп кеткенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Ол қоғамда көп жағдайда әйедерге кәні арту басым екенін айтты.

"Ер адамның басын көрге де,төрге де сүйрейтін әйел” деп әйелдің басына жауапкершілікті үйіп қойып,ерлерді еркелетіп жіберген сияқтымыз. Ер адамның өміріне әйелдің әсері болары рас. Бірақ, санасы бар адам әйелінің жақсы жаманына қарамайды. Әйтпесе бізде небір тамаша қыз-келіншектер бар. Күйеулерін адам қыламын деп өз денсаулығын,өз абыройын (күйеуінің орнына жаман атты бола салып) өз өмірін құрбан етіп жүрген. Ер адамның бала сүйдіруге денсаулығы жарамаса да әйелден көретін, оған да үндемей шыдап жүретін қыз келіншектер бар.
Күйеуі өсіп жатса әйелінен көре берсін. Ал күйеуі өшіп жатса әйелінен көргенді қою керек сияқты.тАдам болуға санасы жетпей жүргендер әйелінен, досынан, туысынан, айналасынан мін тауып сылтауратады. Ел мүддесін ойлайтын, қорғайтын азаматтарды өмірге әкелетін, күйеуін жаман болса да аман болсыншы деп тілейтін нәзік жандыларымызға Аллам күш қуат пен сабыр берсін", - деп жазды ол.

Қыз-келіншектер әншінің сөздерімен келісіп, оған өз қолдауын білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953808-zazira-baiyrbekova-aielge-zauapkersilikti-uiip-erlerdi-erkeletip-zibergen-siyaqtymyz/