Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдікәрімова: Жұрт үшін өмір сүретін жер бетіндегі халық тек біз бе екенбіз

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде әсерлі жазба жариялады. Актриса "өзгенің сөзі деп өмір сүретін жер бетіндегі жалғыз халық біз бе екенбіз" деген ойын ортаға салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі біздің қоғамда кең таралған тақырыптардың біріне қатысты пікірін Instagram парақшасы арқылы жеткізді.

"Жұрттың ойы. Жұрт үшін өмір сүретін жер бетіндегі халық тек біз бе екенбіз?. Америкалықтарды, қытайлықтарды, кореялықтарды көршісінің ойы, құдасының досының інісінің көңілі ойландыра ма екен?", - деп жазды ол.

Актрисаның жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

"Сонысымен ерекше, дара халықпыз ғой біз", "Шынымен де солай бірдеңе десең "ауыр сөйлеп қоймадым ба екен", "көңіліне тимеді ме екен" деп жүргенің? Бірақ өзімізге келгенде солар беттен алып, төске шабады ғой", "Бізде қазақта, әсіресе, келіндерге қиын ғой", "Қайын жұрт не дейді, енем ренжіп қалады деп жүреміз", "Расымен солай секілді. Бірақ, бізден кейінгі буында бұл жағынан өзгеріс болатын сияқты", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954011-abdikarimova-zurt-usin-omir-suretin-zer-betindegi-xalyq-tek-biz-be-eken/

pixel