Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова қызымен Дубайда демалуда (фото, видео)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова қызымен
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова жанұясымен шетелге демалысқа аттанды. Жұлдызды отбасы Біріккен Араб Әмірліктеріне барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекованың шетел асып кеткені туралы Instagram парақшасынан белгілі болды. Өнер иесі желіде демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп, елді қызықтырды.

Белгілі болғандай, жұлдызды жанұя Дубайдағы қымбат қонақ үйлердің біріне тоқтаған.

Әнші жариялаған бейнежазбаларда отағасы Жанболат Ербатыров пен ұлдары Қазбек көрінбейді. Байырбекова әзірге тек қызы екеуінің видеоларын бөлісуде.

Желі қолданушылары оларға жақсы демалыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954028-zazira-baiyrbekova-qyzymen-dubaida-demaluda-foto-video/

pixel