Толғатқан сәтін көрсеткен Салтанат Бақаева елден cөз естіді (видео)

Опубликовано:

Салтанат Бақаева сәбиімен
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Жақында ғана төртінші ұлын босанған Салтанат Бақаева желіде толғатқан сәті көрсетілген видео жариялап, көпшіліктен сын естіді. Желідегілер өнер иесінің қылығын ерсі санап, оған түрлі пікірлерін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева аталмыш бейнежазбаны Instagram парақшасында бөлісті. Онда әншінің толғағы келіп, қиналып жатқанын көруге болады.

"Әйелдің қырық жаны бар. Қаншалықты дөп айтылған сөздер! Ең қиын сәттерде, күтпеген жерден ерекше күш жігерің оянып, бүкіл әлем сол күштің астында қалып жеңілгендей! Әйел жеңімпаз! Өйткені ол тағы бір періштеге өмір сыйлады. Аллаға сансыз шүкір. Бәрі тек Алланың қалауымен", - деп жазды өнер иесі.

Алайда, желі қолданушылары өміріндегі маңызды сәттерін желіге жүктеген әншіні сынап тастады. Олардың пікірінше, толғатып жатқанын қалың жұртқа жария етіп, көрсетудің қажеті жоқ.

"Жан қиналып жатқанда видео түсіретіндерге ризамын! Не деген шыдамдылық, толғатып жатқанда видео былай тұрсын, біреу жағдайыңды сұраса айқайлап шығасың ғой", "Сізді бұндай видео түсіреді деп ойламаппын", "Неге осындайды саласыздар?" "Сахнаның адамына ұят болып қалды ғой, Салтанат", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954344-tolgatqan-satin-korsetken-saltanat-baqaeva-elden-coz-estidi-video/