Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париждегі көрмеге қойылған қазақтың ежелгі аңыз-әфсаналары франциялықтарды таңғалдырды

Опубликовано:

Жанар Ерланқызының жұмысы
Жанар Ерланқызының жұмысы. Фото: "Хабар 24"

Париж төрінде қазақ халқының аңыз-әңгімелерінің желісі бойынша салынған сандық картиналар көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрмені жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары бір апта бойы тамашалай алады. Көрмеде алматылық суретші Жанар Ерланқызының жұмыстары ұсынылған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Суретшінің жұмыстарына ұлы дала аңыздарын жинаумен айналысқан белгілі тарихшы, лингвист Серікбол Қоңдыбайдың кітаптарындағы аңыздар арқау болған. Өз картиналарында ол аңыз-әфсаналарды қазіргі заманмен үйлестіре отырып, бейнелеген. Бақсы, жерұйық, "Бәйтерек" көрініс тапқан картиналар "Ою" тобындағы видеосуретшілердің инсталляциясымен көршілес орналасқан.

"Көрме келушілерге ұнады. Әсіресе аңыздар желісі негізінде салынған картиналар көптің көңілінен шықты. Өйткені кез келген адамның ішінде балаға тән тазалық бар. Біз ойымызға ерік беріп, бала секілді қиялдағанды ұнатамыз. Картиналарға қарап, оқиғалардың желісін ары қарай өрбітеміз. Өнер сүйер қауым мифологиялық картиналарға ұзақ қарап тұрғанын байқадым. Сондықтан мен картиналардың мәнін түсіндіретін буклет жасадым", – дейді көрме кураторы Жәния Елубаева.

Айта кетерлігі, француз жұртшылығы цифрлық картиналарға жоғары баға беруде. Көрменің ашылғанына аз ғана уақыт өтсе де, ұсынылған жұмыстардың постерлеріне тапсырыс беріп жатқандар саны аз емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954431-parizdegi-kormege-qoiylgan-qazaqtyn-ezelgi-anyz-afsanalary-franciyalyqtardy-tangaldyrdy/