Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Домбыраны таңдады": Тәуекел Мүсілім ұлының тұсаукесерін өткізді (видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім отбасымен
Фото: Instagram/mahonti__

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім бір жасар ұлының тұсауын кесті. Аталмыш шараға ерлі-зайыптының ең жақындары қатысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды әулеттегі маңызды шара туралы әнші Альбина Шардарова айтып берді. Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында тұсаукесердің видеоларын бөлісті.

"Айтпақшы, кеше Айтөренің тұсауын кестік. Қадамын нық басатын үлкен азамат болсын", - деп жазды ол.

Дәстүр бойынша баланың алдына бірнеше затты қойып, оның таңдауын күтеді. Тәуекел Мүсілімнің ұлы кітап, футбол добы мен ақшаға да қызықпай, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны таңдаған. Айтөре болашақта әке жолын қуып, өнерге жақын адам болуы әбден мүмкін.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны құттықтап, бүлдіршінге ақ тілегін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954583-dombyrany-tandady-tauekel-musilim-ulynyn-tusaukeserin-otkizdi-video/