Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қандай жігіттерімізді жұтып қойды": Бағлан Әбдірайымов казинолардың жабылуын талап етті

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

Отандық танымал әнші Бағлан Әбдірайымов желіде үндеу жасады. Өнер иесі казино мен букмекерлік кеңселерді жабуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағлан Әбдірайымов Instagram парақшасында жазба жариялады. Эстрада жұлдызы казино мен букмекерлік кеңселердің кесірінен талай адамның тағдыры бұзылды деп есептейді.

"Жігіттер" тобының әншісі аталған мекемелердің жабылуын қолдаған. Ол көпшілікті казинолардан аулақ болуға шақырды.

"Кеше, бір жігіт "Ардың түрмесінде отырғанша, заңның түрмесінде отырайын" деп лото клубты өртеп жіберді. Адам шошырлық сорақы тағдырлар көп. Қандай жігіттерді жұтып қойды?! Замандастарымызбен ақылдаса, елімізден осы аты өшкір ойын орталықтарын жабуға қол жинаймыз дедік. Оқырман қолдады, қуанды. Өте дұрыс!

Казино, букмекерлік орталық және т.б. жабылсын. Тек ол ғана емес қой. Интернет ойындарға қалай тұсау салуға болады? Эфирден көрсетіп жүрген жарнама ше? Қолдағы телефонмен талай адам былыққа батқаны ше? Мен білмейтін түрі қанша? Мақұл, бәрі жабылсын! Жоқ боп кетсін.

Ал, карта ойыны ше? Ази, белка деген де ойындар бар ғой. Нарды ойнау құмарлық емес пе? Оны қалай қойдыртасың? Ол жерде де бәске басын тігіп, айырылып қалғандар да жоқ емес. Сонда не болды? Мүмкіндік жоқ па? Бар!

Әркім өзінен бастау керек. Құмар тек құмар ойынмен шектелмейді. Адам өзі жақсыға да, жаманға да құмар. Өз таңдауы. Әйтпесе саудың асын ішіп, жындының қылығын жасай ма адам? Сол құрғыр ақша табу ғой басты мақсаты. Өзі де жақсы біледі. Соған барды. Соны жасап жүр. Сыздауықтың өзегін алғандай ғып әр адамның тамырына үңілсең - өзіндік себебі бар. Сол өзекті түбімен қопарып, іріңнен жазылмайынша, жоғарыдағы жазылған әңгіменің бәрі бекер! Өмірің өз қолыңда", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954624-qandai-zigitterimizdi-zutyp-qoidy-baglan-abdiraiymov-kazinolardyn-zabyluyn-talap-etti/

pixel