jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тойда құлап қалған Қайрат Әділгерей елді күлкіге қарық қылды

    Қайрат Әділгерей
    Фото: Instagram/kairat_adilgerey

    Отандық танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей желіде өзінің тойда құлап қалған видеосын жариялап, елді күлкіге қарық қылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қайрат Әділгерей аталмыш бейнежазбамен Instagram парақшасында бөлісті. Өнер иесі жас жұбайлардың алдынан секіріп өтпек болып, ақ матаға тайып, құлап түскен.

    Алайда ол еш саспастан, орнынан тез тұрып, той басқаруын жалғастырып кеткен.

    Видео желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Қалың көпшілік түрлі пікір білдіруде. Кейбір оқырмандар оның денсаулығына алаңдап, оған жылы лебізін білдірген.

    "Қайреке, не істесеңіз де жарасып тұр", "Қатырасыз, күлкілі жағдай болыпты", "Кез келген жағдайдан әзілмен шығып кетесіз", "Тойдың қызықты өтуіне үлкен үлесіңізді қосыпсыз", "Мына той жастардың есінде мәңгіге қалатын болды", "Тоқтамай күлдім, әрдайым көңілді көтересіз", " Байқаңызшы, абайлау керек қой", - деп жазуда халық.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.