Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кінәсіз екеніне сенемін": Меруерт Түсіпбаева Ақжарқын Тұрлыбайға қолдау білдірді

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайға қолдау білдірді. Өнер иесі жас қыздың кінәсіз екеніне кәміл сенетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева көпшілікті Ақжарқын үшін дұғада болуға шақырды. Ол Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялап, бойжеткеннің аңқаулықпен алданып қалғанын айтты.

"Бүгін түсімде Ақжарқын Тұрлыбайды көріппін. Ешқашан көрмеген, тілдеспеген адам неге түсіңе енеді екен?! Бәлкім, көп ойлағаннан шығар.
Қаршадай қазақтың қызы, тағдырдың тәлкегімен қайта келмес жастық шағын, тар қапаста, діні де, тілі де бізге жат, өзге елде өткізуде. Өз басым, Ақжарқын туралы тың мәлімет пайда болса, елең етемін. Бас бостандығынан айырылып, құдай берген бар ғұмырын боданда өткізуден асқан қасірет бар ма адам баласына? Оның үстіне, нәзік қыз балаға. Бұл оқиға, шетелге жиі шығатын жастарға үлкен сабақ! Танымайтын адамнан пакет алмақ түгілі , сөйлеспей, жаныңа жолатпау керек!
Жақында жанашыр қазақтың бір мықты перзенті адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқынның анасына жазған хатын жариялады. Қысқа хат болғанымен сағынышқа, өксікке толы. Анасына сабыр берсін, жаратқан ием.
Мен Ақжарқынның еш кінәсіз екеніне кәміл сенемін. Қазаққа тән аңқаулықпен, албырт жастық шақтың салдыр салақтығымен, ойланбай жасаған бір қадамы үшін өмірі зая кетпесе екен! Тым болмаса, елге оралса екен!
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тізгінді ала сала, Ақжарқынның мәселесін көтерген еді. Нәтижесі болсын деп тілейікші. Ағайын, дұғада болайық, жазайық, мәселені көтерейік! Ақжарқынның алдағы өмірі ақ, жарқын болсын", - деп жазды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954891-kinasiz-ekenine-senemin-meruert-tusipbaeva-aqzarqyn-turlybaiga-qoldau-bildirdi/

pixel