"Менің арым таза": Заманбек Нұрқаділовтің қызы әкесімен арада болған соңғы әңгімесі туралы айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова елімізде орын алған қаңтар оқиғаларына қатысты пікір білдіріп, әкесі Заманбек Нұрқаділов жайлы естелігін бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Құралай Нұрқаділова әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялады.
"Әкем болғанда, Қазақстан қалай өзгерер еді?" деп көп жылдан бері ойланып келемін. Шенеуніктердің халықтың сұрағына берген жауаптарын немесе мүлдем елемейтінін (қаңтар оқиғасына дейін солай болды) көріп, әкемнің әрекеттерімен салыстырамын", - деп жазды ол.
Құралайдың айтуынша, Заманбек Нұрқаділов көптеген сұрақтың жауабын білетін адам болған.
"Ол керек сұрақтардың жауабын білді, жағдайға білікті түрде иелік етіп, кез келген сұраққа сауатты жауап беретін еді.
Ең бастысы, ол өзінің ауылдан шыққанын ұмытқан емес. Көкірегін керген емес, адасқан жастарға айтар сөз табатын. Тіпті агрессивті көңіл-күйдегі жастарға айтатын сөзі дайын тұратын.
Екеуміздің соңғы жеке әңгімемізден үзінді: "Менің арым таза, өйткені халық үшін өмір сүрдім. Сен мұны мақтан тұта аласың, уақыт өте келе артығымен бағалайсың", – деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954927-akem-bolganda-bassysyz-qalmas-edik-quralai-nurqadilova-qantar-oqigasyna-pikir-bildirdi/