Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәңгі жүрегіміздесіз": Ернар Айдар Ескендір Хасанғалиевтің басына барып, құран бағыштады (видео)

Опубликовано:

Ернар Айдар Ескендір Хасанғалиевтің зират басында
Видеодан кадр: Instagram/ernaraidar_kz

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар қазақ өнерінің майталманы Ескендір Хасанғалиевті есіне алып, оған деген сағынышын жеткізді. Әнші үлгі тұтар тұлғасының басына барып, оның аруағына құран бағыштаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ернар Айдар Ескендір Хасанғалиевтің зиратына барып, артынша оның жары Дарико ханымның жағдайын біліп қайтқан. Олар біраз әңгімелесіп, марқұмды еске алған.

Бұл кездесудің видеосын әртіс Instagram парақшасында бөліскен.

"Ескендір Хасанғалиев, жатқан жеріңіз жайлы болсын. Қазақ халқына сыйлаған өшпес әндеріңіз үшін, бәрі-бәрі үшін сізге көп рахмет. Сіз біздің мәнгі жүрегіміздесіз.
Көзі тірісінде атамның ақ батасын алып, шаңырағында болып, бірге ән таңдап, сахнада бірге шырқап едік. Сағыныш.
Бүгін де атамның шаңырағына барып, Дарикош апамның жағдайын сұрап, тәтті тамағын жеп, шайын ішіп, біраз естеліктерді еске түсіріп қайттым! Дарикош апам баршаңызға сәлем айтып жатыр", - деп жазды Ернар Айдар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955082-mangi-zuregimizdesiz-ernar-aidar-eskendir-xasangalievtin-basyna-baryp-quran-bagystady-video/

pixel