Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әнші Райым Уайыс жол апатынан көз жұмған әкесін еске алып, көзіне жас алды (видео)

Опубликовано:

Райым Уайыс
Райым Уайыс. Фото: YouTube/Saumal.kz

Көптен бері көрінбей кеткен отандық әнші Райым Уайыс біршама уақыттан кейін сұхбат беріп, өзінің шығармашылығы, отбасындағы жанына батқан жайттар мен болашаққа деген жоспары туралы айтты. Айтуынша, бүгінгі таңда ол шығармашылық тоқырауда жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әнші бүгінде мешіттерде азаншы болып жүргенін айтты. Сұхбат кезінде ол өзге әріптестері сияқты вайн түсіріп, әзіл-қалжыңға жақын әңгіме айтып уақытын құр өткізгісі келмейтінін жеткізді. Себебі Алтынбек Қоразбаев, Мейрамбек Беспаев сияқты ағалардың шәкірті ретінде мұндай жеңіл-желпі дүниелерді жасағысы келмейді, дейді ол.

«Азан шақырып жүр екенсің. Алла Тағала жолыңды имамдыққа салса қайтер едің?» – деген журналисттің сұрағына, әнші: - «Енді басқа салса кім біледі?! Көнесің ғой. Көнгенде де ол жақсы нәрсе ғой.
Дегенмен де имамның дәрежесі өте жоғары. Біз қазіргі діни білімімізбен әлі теңіздің жағасында жүрген адамбыз. Бір-екі арабшамыз бар.
Құранымызды оқимыз. Коронавирус келмей тұрып, өнердегі бауырларымызбен ұстаздармен бірге жыл сайын Рамазан айының соңғы он күнінде мешітте құлшылық жасайтынбыз. Сол кездерде ұстаздардан рұқсат алып азан шақыратынмын. Қазір де азан шақырып тұрамын, шақыра да беремін», - деді ол өз сөзінде.

Одан бөлек, сұхбат барысында әкесін еске алған әнші көз жасына ерік берді.

«Әкем қырық жасында жол апатынан қаза тапты. Анам 39 жасында әкемнен айырылды. Тағдыр солай болды.

Мен үйдің кенжесі болғаннан кейін әкем мені ерекше еркелететін, ерекше құрметтейтін. Негізінде дінді де, Құран оқуды да әкем үйретіп кетті. Сонда өзі аузына Құдай салғандай, ертең мен қайтып кетсем, менің басыма барып Құран оқитын сенсің деді әкем. Босап кеттік қой», - деді әнші Райым Уайыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955094-otandyq-ansi-raiym-uaiys-zol-apatynan-koz-zumgan-akesin-eske-alyp-kozine-zas-aldy-video/

pixel