"Тірісің бе деп сұрауға шамасы келмеді": Әуелбекова бұрынғы күйеуіне шүйлікті

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мөлдір Әуелбекова басынан өткізген жол апатына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, ол бүгінде темір тұлпарды сыйлаған бұрынғы жолдасының әрекетіне қатты қынжылған. Себебі ол бұрынғы жұбайының амандығын сұрамастан, көліктің шығын есептей жөнелді, дейді әнші.

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуіне деген өкпе-назын Instagram парақшасында ашық жазды. Ол жол апатынан кейінгі бұрынғы жолдасына ренішін білдірген.

Өнер иесінің сөзінше, қызының әкесі оның жағдайын сұраудың орнына көлікті соққаны үшін сөккен. Әуелбекова бұл жайттың нақты соңғы нүктесі қойылғанын айтты.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы өзі үшін алаңдаған барша жандарға алғысын жеткізді.

"Кешегі мен түскен жол апаты жайлы сторисімді қарап, жағдай сұрасып, қолдап жатқандарыңызға рақмет. Негізі, түбінде бұл жерде мәселе сол темір немесе 5 млн теңге де емес қой. Мені қынжылтып тұрғаны көлікті маған сыйлаған қызымның әкесіне: "жол апатына түсіп қалдым" - дегенде, "өзің амансың ба, тірісің бе?", - деп сұрауға шамасы келмеді.
"Қай жерін соқтың, қатты соқтың ба, қанша тұрады білесің бе сен?" - деп темірін сұрап әлектенді. Айтарға енді басқа сөзім жоқ. Соңғы нүктесі осы. Аллаға тапсырдым. Алла әділ. Реттейді. Тек сабыр мен уақыт керек. Осымен бұл тақырып енді жабық", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова жол апатына түскенін хабарлаған еді. Ол оқиғадан кейін аталмыш көлікті сыйға тартқан бұрынғы жолдасы одан темір тұлпарды тартып алып, оны жөндетуге бес миллион сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955261-ozin-amansyn-ba-dep-surauga-samasy-kelmedi-auelbekova-buryngy-kuieuine-suilikti/

jitsu gif