Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Омаров АҚШ-тағы қазақтардың басын қосты (фото, видео)

Опубликовано:

Марат Омаров
Фото: Instagram/marat_omarov_kz

Отандық танымал әнші Марат Омаров Америка құрама штаттарына аттанып, сол жерде тұратын қазақстандықтармен кездесу кешін өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Марат Омаров отандастарымен өткізген көңілді кештің кадрларын Instagram парақшасында бөліскен. Онда бір топ адамның өнер иесінің әндеріне тоқтамай билеп жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары қазақстандықтардың АҚШ-та бас қосып, эстрада жұлдызын жоғары деңгейде қарсы алып жатқанына қатты қуанған. Олар бұл жайтқа сүйсініп, өздерінің жылы лебіздерін білдірген.

Айта кетерлігі, Марат Омаровты ән сапарға Қазақстандағы АҚШ елшілігі арнайы шақыртқан.

Ол Нью-Йорк, Филадельфия, Чикаго, Голливуд, Майами, Сан-Франциско, Сан-Диего, Хьюстон, Нью-Джерси штаттарында жеке ән кешін берді. Қазір әнші отбасымен бірге әлі сол елде жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955304-marat-omarov-aqs-tagy-qazaqtardyn-basyn-qosty-foto-video/

pixel