Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Биыл 100-ге толатын еді": Жазира Байырбекова марқұм әжесін есіне алды (видео)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова марқұм әжесін есіне алып, оған деген сағынышын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі әжесіне арнаған жантебірентерлік жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Ол әжесі тірі болғанда биыл 100-ге толатынын айтты.

Сондай-ақ, әнші қарт кісіге қарайласқан әпкесі мен жеңгесіне өз алғысын білдірді.

"Бұл - менің нағашы әжем. Биыл 100-ге толатын еді. Бірақ, өзінің арманындағыдай 3-4 күн ғана жатып, ұйықтап кете берді. "Үлкен кісінің өлімі - той" дейсіз ғой. Сонда да қимастық болады екен. Әжемді бағып қаққан Серғазы жездем мен Сабира әпкеме алғысымды білдіремін.
Ертең Сабира әпкем мен Серғазы жездем ең жақын туыстарына, көршілерге құран оқытады. Бармасақ, "ұят" болады деп. Қыстың ауасында алыстан келіп әуре болмай, әркім өз үйінде отырып құран бағыштаса болады. Қазіргі тұмаудан сақтанып, аман жүріңіздер. Ниеттеріңізге рахмет. Сіздер де 100 жасқа жетіңіздер", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955453-biyl-100-ge-tolatyn-edi-zazira-baiyrbekova-marqum-azesin-esine-aldy-video/

pixel