Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Қоянбаев ата-анасымен бірге кіші қажылыққа аттанды

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев әкесі мен інісімен
Фото: Instagram/koyanbayevnurlan

Отандық танымал актер әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев кіші қажылыққа аттанды. Танымал кинопродюсер бұл жолы қасиетті мекенге ата-анасы мен туған бауырын өзімен бірге алып барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қоянбаевтар жанұясының қажылыққа аттанғаны Instagram желісінен белгілі болды. Жұлдызды отбасы Мекке және Медина қалаларына барған.

Кинопродюсер өзінің жеке парақшасында ата-анасы мен інісінің фотоларын жариялап, қасиетті мекеннен алған әсерлерін бөлісуде.

Желі қолданушылары жұлдызды әулетке тәнті болып, ниеттері қабыл болуын тіледі.

Айта кетейік, қазақстандық жұлдыздардың ішінде жуырда Серікбол Сайлаубек, Нұртас Адамбай, Мейіржан Төребаев, Дәурен Айдарқұлов қажылық парыздарын өтеп келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955471-nurlan-qoyanbaev-ata-anasymen-birge-kisi-qazylyqqa-attandy/

pixel