Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келіншегіне арнап гитарамен ән салған Нұртас Айдарбеков елді сүйсіндірді (видео)

Опубликовано:

Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер
Фото: Instagram/aidarbekov_nurtas

Қайрат Нұртастың ата-анасы желіні жарды. Ғаламторда Нұртас Айдарбековтың әйеліне гитарамен ән шырқаған видеосы тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова арада қанша жыл өтсе де, махаббаттары сөнбегенін дәлелдеуде. Ерлі-зайыпты Instagram парақшаларына махаббат пен жылулыққа толы видео жүктеп, қалың көпшілікті сүйсінтті.

Бейнежазбада отағасының келіншегінің қасына гитарамен ән айтып барғанын көруге болады.

"Аллаға шүкір, балалар өсті, әрқайсысы өз шаруасымен кетеді. Сосын кешке іш пысқан соң, найманның қызын айналып. Айтпақшы музыкада ұлт болмайды дегені осы, өзбек ағайындардың осы әнін жас кезімізде айтып жүруші едік", - деп жазды Айдарбеков.

Желідегілер жұлдызды жанұяға тәнті болып, жылы лебіздерін жарыса жеткізді.

"Үнді махаббаттарыңыз мәңгілік болсын. Найманның қызы майысып, сынып отыр ғой сізге", "Не деген бақыт, Алла бір жастықта әдемі кемпір мен шал болып, бірге қартаюды нәсіп етсін", "Романтик", "Күшті, супер жүректен шыққан ән", - деп жылы лебізін білдірді тыңдармандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955472-kelinsegine-arnap-gitaramen-an-salgan-nurtas-aidarbekov-eldi-suisindirdi-video/

pixel