Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейіржан Төребаев бастаған танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев
Видеодан кадр: Instagram/meirzhach_tv

Отандық танымал блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді. Алматының тергеу соты оларға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тергеу соты азаматтар Т. және Ш.-ға қатысты 1000 АЕК көлемінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қанағаттандырды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, вайнер Азизжан Саидбаевқа қатысты да сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөнінде шағым келіп түскен.

"Бұл өтінішхат қанағаттандырылды. С. есімді азаматқа қатысты күдіктінің өзі болмаған жағдайда 2 ай мерзімге сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деді сот өкілдері.

Аталған азаматтар ҚР ҚК 217-бабы 3-тармағы 2-бөлімі (Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару) бойынша күдіктеліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955481-meiirzan-torebaev-bastagan-tanymal-vainerler-qarzy-piramidasyn-qurdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel