"Ең басты сұрақ осы екен": Ерке Есмахан көптің көкейіндегі сауалға жауап берді
Жарияланған күні:
Ерке Есмахан өзінің желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді. Ол әнші Әмремен қандай қарым-қатынаста екенін ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ерке әдеттегідей желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап беретінін жазған. Әншінің айтуынша, оған келіп түскен сауалдардың дені оның жеке өміріне қатысты болған. Сол себепті ол басын ашып, өзінің қазіргі таңда сүйіктісі жоқ екенін жеткізді. Оған қоса ол әріптесі, әнші Әмремен де қарым-қатынасы туралы айтты.
"Түсінгенім, ең басты сұрақ осы екен. Осыған жауап беріп, қоя қояйын! Жігітім жоқ, күйеуім жоқ! Сүйіктім, ұнататыным жоқ! Әмремен махаббат жоқ. Жоқ, жоқ! Биыл дым жоқ!", - деп жазды ол.
Айта кету керек, AZ-мен айырылысып кеткен Ерке Есмахан жуырда әнші Әмремен ән жазған еді. Олардың дуэтін көрген жұрт әншілер арасында махаббат бар деп болжаған-ды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955686-en-basty-suraq-osy-eken-erke-esmaxan-amremen-qarym-qatynasy-turaly-zauap-berdi/