Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай атындағы опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Нұрбақыт Бөкебаев
Нұрбақыт Бөкебаев. Фото: facebook.com/Дәурен Абаев

Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының басшысы ауысқанын хабарлады.

"Бүгін Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына барып, жұмыс барысымен таныстым. Осы орайда Бөкебаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлының аталған мәдениет ошағының директоры қызметіне тағайындалғанын хабарлаймын.

Осы уақытқа дейін театрды басқарып келген Қаратаев Таир Нұрланұлына театрды дамыту ісіне қосқан елеулі үлесі үшін алғысымды білдіремін", - деп жазды министр.

Нұрбақыт Бөкебаев 1963 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1987 жылы Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын, 1991 жылы Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театралды-көркем өнер институтын тәмамдаған. Сондай-ақ, 2007 жылы Д.А. Қонаев атындағы университеттің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы концерттік ұжымдардың әкімшісі, жетекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Мәдениет министрлігінің бас маманы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының проректоры, Алматы қаласы Бостандық ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы, Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Алматы Ішкі саясат департаментінің бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.

Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі өнер басқармасының бастығы, М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының реттеуші директоры болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955757-abai-atyndagy-qazaq-memlekettik-akademiyalyq-opera-zane-balet-teatryna-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel