"Мұндай күйін алғаш көруім": Күйеу баласы су жаңа көлік сыйлаған Төреғалидің әкесі көз жасын тоқтата алмады
Жарияланған күні:
Төреғали Төреәлінің 20 жастағы қарындасы Фариза Төреәлі мен оның жолдасы Дархан Нортаев әкесіне су жаңа Lexus 570 көлігін сыйға тартты. Қызы мен күйеубаласынан бағалы сый алған әке көз жасын тоқтата алмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Фариза Төреәлі өзінің желідегі парақшасында жазды. Қазіргі таңда жолдасымен бірге АҚШ-та білім алып жатқан Фариза өзі елде болмаса да, ата-анасына ерекше тосынсый ұйымдастырыпты.
"Біз үшін қашан да ең бірінші орында ата-аналарымыздың разылығы. Дархан екеуміздің әкемізге сыйлығымыз! Су жаңа ең соңғы модельдегі Lexus 570 Black Vision ⠀ Алла Тағалам әкеме адалынан күйеу бала нәсіп етіпті, шүкір! Бұл идея Дархандікі еді, жан-жарым сізге ерекше алғыс айтамын. Қаншама еңбегіміз, ұйқысыз түндер - өз нәтижесін беруде, ең бастысы ата-ана разылығы! Жақында ғана ата-енеме коттедж сыйлаған едік, енді міне әкеме адал еңбегімізбен көлік сыйлап жатырмыз. Армандарым орындалып жатыр, сансыз мадақ!", - деп жазды ол.
Фаризаның айтуынша, олар ата-анасына тосынсый жасап, автосалонға басқа сылтау айтып, шақыртып алған.⠀
"Динаға көлік бергелі жатыр деп ата-анамызды салонға шақыртып алдық. Ағам мен жеңгем де білмейді, төрт көзіміз түгел болып табыстаймыз ба деп жоспарлаған едік, Алла қалауымен аға-жеңгем Меккеге жол жүріп кетті.
Салонға кіргенде біздің видео жолдамамыз қосылды, сол сәтте көлік әкеме екенін айттық. Көзіне еріксіз жас келгені жүректі елжіретті, әкемнің бұндай эмоциясын алғаш рет көруім. Осы жылы 50-ге толады Алла қаласа! Естен кетпес күн болды", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955911-akeminin-mundai-kuiin-algas-koruim-kuieu-balasy-su-zana-kolik-syilagan-toregalidin-akesi-koz-zasyn-toqtata-almady/