Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күтпеген жаңалық": AZ мен Айқын елге жаңа әнін ұсынып, жұртты таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

AZ
AZ. Фото: instagram.com/xciii.ix.xxviii/

Ninety One тобының бұрынғы әншісі AZ Айқынмен бірге елге жаңа ән ұсынды. "Өтіп кетті" деп аталатын лирикалық тректің сөзін Азамат Зенкаевтың өзі жазған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық шоу-бизнестегі шығармашылығы бір-біріне ұқсамайтын екі жұлдыздың бірлескен туындысы олардың фанаттарын таңғалдырды. "Өтіп кетті" деп аталатын ән қосылмаған ғашықтар жайында.

Желі қолданушылары әншілердің трегіне қатысты түрлі пікірлерін білдіруде. Пікірлерге назар аударсақ, музыкасүйер қауым қос жұлдыздың әніне жақсы баға беруде.

"Күтпеген жаңалық", "Ең алғаш тыңдар алдында мынадай екі түрлі дауысты қалай үйлестіруге болады деп ойлап едім. Бірақ, маған ұнады", "Супеееер! Ғажайып трек волшебный. Жаңа белестерді бағындыра беріңіздер", "Азамат өте дарынды, кез келген дүниені түрлендіріп жібереді", "AZ сіз сондай мықтысыз! Алда талай осындай керемет фиттермен тыңдармандарды, иглздарды қуантасыз деп үміттенемін! Біз сізді жақсы көреміз!", "Өлең керемет шықты, әсерлі, мағыналы, және хит өлең болады деген ойдамын", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1956316-kutpegen-zanalyq-az-men-aiqyn-elge-zana-anin-usynyp-zurtty-tangaldyrdy-video/

pixel