Отандық режиссер Фархат Шәріповтің фильмі Берлинде гран-приді жеңіп алды
Жарияланған күні:
Қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтің "Схема" атты фильмі 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде гран-приді ұтып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Отандық "Схема" кинотуындысы Германияның басты кинофестивалінде Generation секциясы бойынша гран-приді жеңіп алды. Аталған номинацияға балалар және жасөспірімдер туралы фильмдер қатысқан.
Жүлде фильм режиссері Фархат Шәріповке тапсырылды.
Айта кетейік, драма жанрындағы отандық туындыда басты рөлдерді дебютант актерлар сомдап шықты. Олардың өзінің рөлін шынайы сомдағаны сондай, шетелдік көрерменді бірден қызықтырған көрінеді.
Киноның алғашқы көрсетілімі өткен үлкен кинозал лық толы болды делінген жаңалықта. Келушілердің басым көпшілігі - жастар. Көрерменге фильмді таныстыруға туынды режиссері Фархат Шәріпов және креатив продюсері Юлия Ким келді.
Еске салсақ, биыл Берлинале кинофестивалінде отандық үш кино көрсетілді. Атап айтсақ, "Схема", "Ақын" және "Бақыт" фильмдері.
"Жалпы сценарийді жүзеге асыру бізге қиынға соқты. Өйткені, бізге тура түсірілім барысында сценарийге өзгерістер енгізуге тура келді. Сценарийді аяқтап, қайта жаздық. Одан бөлек, туындыны эпидахуалға байланысты шектеу шаралары кезінде түсірдік. Бұл бізге көп қиындық туғызды. Фильмді түсіруге тура бір жыл уақыт кетті. Сценарий шынымен де өте ауыр болды. Себебі, онда баяндалған жайттар шын өмірде де кездеседі", - дейді режиссер Шәріпов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1956558-otandyq-rezisser-farxat-saripovtin-filmi-berlinde-gran-pridi-zenip-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.