Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігіттер нәзік болып кеткен бе?": Өмірқұл Айниязов өзін "атқа таңба бастың" деп сынағандарға жауап берді (видео)

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов. Кадр
Өмірқұл Айниязов. Кадр: instagram.com/omirkul_ainiyazov/

Белгілі әнші Өмірқұл Айниязов бұдан бірер күн бұрын желідегі парақшасында өзінің атына таңба басып жатқан видеосын жүктеген болатын. Аталған видеодағы көрініс көпшіліктің көңілінен шықпай, жұрт оны "жануарды қинадың" деп айыптаған болатын. Аталған жайтқа әншінің өзі жауап беріп, бұл - қазақтың көнеден келе жатқан өмір салты екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өмірқұл Айниязов желідегі видеосының "арқасында" елдің сынына ұшырады. Ол өзінің атына таңба басып жатқан бейнероликті желіге жүктеймін деп дауға қалған. Желідегілер бейнекөріністі көріп, оны сынап, түрлі пікірлерін жаудырып жатыр. Тіпті кейбірі оны "жауыз" деп атап, "жануарды азапқа салды" деген сыңайдағы ойын білдірген.

"Бұндайды салмасаңыз", "Ауырады ғой", "Неге саласыз. Жаным ашып кетті жылқыға", "Таңбаны салуға болмайды малға. Шариғат тыйым салады. Кесуге, тесуге күйдіруге болмайды", "Жылқыға таңба басады, таңбасы болмаса, арты дауға айналады. Сол үшін өз малына таңба басады", "Күйдірмей-ақ құлағына ен салып қойса болмай ма. Негізі қыста жасағаны дұрыс емес шығар. Күзде не көктемде жасау керек бұндайды, құлағына ен салғанда сол күз не көктемде шыбын азайғанда салушы едік. Қыста таңба басқан болмайтын шығар. Жылқының да жаны бар ғой, денсаулығын ойлау керек, білмедім мал өзіңіздікігой. Ойымды айттым!", - деп жазған оқырмандар саны аз болмады.

Алайда Өмірқұл Айниязовтың өзі жанкүйерлерінің бұл пікіріне қарсы өз уәжін айтты. Айтуынша, жылқыға таңба басу - қазақта бұрыннан келе жатқан үрдіс. Сондықтан, оған дұрыс қарау керек, деген ойын жеткізді әнші.

"Мен кеше тайға таңба басып жатқан видео салғанмын. Соның астындағы пікірлер маған қызық болып көрінді. Еркектер сонша нәзік болып кеткені ма? Малға таңба басқанды көрмеген бе? Әйтеуір барлығы сонша шошынып қарап жатқаны маған қызық сияқты көрініп отыр.

Малды жығып, таңбаны қыздырып, тайға басып жататынын бала күнімізден көріп өстік. Бұл қазақтың бұрыннан келе жатқан салты, үрдісі десек те болады. Сондықтан мен одан еш әбестік көріп отырғаным жоқ. Дәл жігіттердің маған осындай сөздер жазғаны ыңғайсыз болып көрінді.

Екіншіден, таңба басқан орын қызарып тұрған жоқ. Қазіргі жаңа әдіс - таңбаны азотпен басу әдісін пайдаландық. 180 градустағы мұздай темірді басады. Ол басқан жердің жүнін өсірмей тастайды. Ал ауырлығы ара шаққан сияқты әсер етеді. Азаотпен басылып жатқан таңба болғандықтан, оның жануарға еш зияны жоқ. Қазір сол дұрыс. Соны айтқым келді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1956730-zigitter-nazik-bolyp-ketken-be-omirqul-ainiyazov-ozin-atqa-tanba-bastyn-dep-synagandarga-zauap-berdi-video/

pixel