Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем 15 жасымда бір-ақ келді": Альмира Тұрсын алғаш рет әкесінің қай ұлт өкілі екенін айтты

Жарияланған күні:

Альмира Тұрсынның ата-анасы
Альмира Тұрсынның ата-анасы: instagram.com/almiratursyn/

Отандық актриса Альмира Тұрсын әкесінің кәріс ұлтынан екенін айтты. Ол желідегі парақшасында әкесі туралы жылы жазба жариялап, оны туған күнімен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әке. Иә, ол кәріс ұлтынан. Әкем менің 15 жасымда келді. Кішкентай күнімде ата-анам ажырасып кеткен. Сондықтан анам мен әкемнің бірге жүргенін көрмегем. Алайда маған әке де, ана да болуға тырысып, ақша тауып, мені де тәрбиелеп үлгеріп, жалғыз өзі жанталасып жүрген анамды көріп өстім. Бәрін өзі, жалғыз өзі арқалап келді.

Алайда Әкем қайтып келген кезде бәрі өзгерді. Анам саябырсып, дамылдай бастады, жиі күлімсірей бастады. Ал әкем анама арнап ән салып, аспапта ойнайтын болды. Содан бері анам да, біз де бақыттымыз. Давид өмірге келді. Әкем барлығын түсіндіріп, қамқор болды. Ол нағыз ұстаз. Мен әкеммен жиі қалжыңдасып жүремін, еркелеп", - деп жазды ол.

Сонымен бірге, өнер иесі әкесіне өзінің алғысын жеткізіп, туған күнімен құттықтады.

"Әке! Барлығы үшін сізге рахмет айтамын. Анама бақыт сыйлағаныңыз үшін, Давид үшін! Аллаға шүкір және тәубә! Мен сізді жақсы көремін. Анам екеуіңізге ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тілеймін. Сонымен бірге шығармашылық шабыт, шәкірттеріңіз көп болсын", - деген ол әкесіне жүрекжарды тілегін арнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1956949-akem-15-zasymda-bir-aq-keldi-almira-tursyn-algas-ret-akesinin-qai-ult-okili-ekenin-aitty/