Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқа жанға тұрмысқа шығып кетті": Құрмаш Махан танымал әндерін арнаған тараздық сұлу туралы айтты

Жарияланған күні:

Құрмаш Махан
Құрмаш Махан. Кадр: YouTube/DOPE SOZ

Танымал әнші Құрмаш Маханның махаббат туралы лирикаға толы әндері 2000 жылдардың басында халық арасында хитке айналғаны ел есінде. Әншінің айтуынша, ел арасында танылған әндерінің көпшілігі оның 5 жыл бірге жүрген ғашығына арналған. Жуырда тағдыр қоспаған аруға арнап, оның бесінші әні жарыққа шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы әнші "Dope soz" подкасынтында айтты.

Әнші сұхбат барысында "Жан сырым" әнінің тарихына тоқталды. Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл лирикалық ән әншінің қосыла алмаған ғашығына арналған екен. Әнші туындыны бар-жоғы бір аптаның ішінде жазып, Таразда тұратын сұлу бойжеткеннің туған күніне тарту етіпті.

"Ричард Маркстің Now and Forever әнін жақсы білетін шығарсыздар. Бұл ән маған барлық жағынан қатты ұнайтын. Мен 2,5 ай емханада жатып, күніне 100 рет тыңдағаным есімде. Әнl3 сүйсініп тыңдайтынмын. 1997 жылы Алматыға келіп, "Қазақконцертке" жұмысқа тұрдым. Сейфуллин Жолбарыспен бірге пәтер жалдап тұрдым.

Күнде кешке екеуіміз бір-бірімізге өз әндерімізді тыңдататынбыз. Содан Сейфуллинге бір күні осы жақсы көретін әнімді гитарамен ойнап беріп едім, ол "Менде осыған ұқсайтын ән бар",- деді. Сөйтіп, ол "Жан сырым" әнінің әуенін тыңдатты.

Мен тыңдадым да, мына ән менікі болады деп кесіп айттым. Оған дейін, 1995 жылы мен ауруханадан шыққанымда, жолдастарым мені бір кешке алып барған еді. Сен кеште бір керемет сұлу қызды кездестіріп, танысып, ол қызға деген сезімім оянған-ды. Екі жылдан кейін сол қыздың туған күніне арнап осы әнді жаздым", - деп әңгімеледі Құрмаш Махан.

Әншінің айтуынша, ол негізінде кез келген әнін бір жылға жуық уақыт бойын жазады екен. Алайда дәл осы әнді ол тез арада жазып, бойжеткеннің туған күніне тарту етуге асыққан.

"Бұл ән қысқа уақытта жазылды. Мен әнді "Қазақфильмдегі" Руслан Қараның студиясында жаздым. Бір аптадан соң сол қыздың үйінде барып, Panasonic магнитофонына кассетаны салып, екеуіміз биледік. Содан бері бұл ән Қазақстандағы үйлену тойларындағы махаббат вальсінің бұлжымас әндерінің бірі ретінде қалыптасты", - дейді әнші.

Алайда Құрмаш Махан тараздық сұлумен қосылмаған. Қос ғашықтың тағдыры екіге айырылыпты.

"Екеуіміз бес жыл жүрдік. Содан кейін мен басқа қызға, ол басқа кісіге тұрмысқа шықты. Мұны айтып отырған себебім, сол қызға арнап төрт ән жазылды. Жақында ғана бір ай бұрын оған қатысы бар бесінші әнімді шығардым. Бұл әндердің барлығы осы күнге дейін хит, әлі күнге дейін өзекті. 97 жетіден бері қанша жыл өтті. Менде арман жоқ. Елдің тарихында қалатын жақсы әдемі дүние кез келген әншіде болуы керек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957040-basqa-zanga-turmysqa-sygyp-ketti-qurmas-maxan-tanymal-anderin-arnagan-tarazdyq-sulu-turaly-aitty/