Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл менің саналы түрдегі таңдауым": Актриса Альмира Тұрсын христиан дінін ұстанатынын ашық айтты

Опубликовано:

актриса Альмира Тұрсын
фото: instagram.com/almiratursyn/

"Томирис" фильмі арқылы танылған актриса Альмира Тұрсын әлеуметтік желіде көпшілік сұрағына жауап беріп, өзінің қандай діни бағытты ұстанатын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұрақ-жауап барысында Альмира Тұрсын күйеуімен ажырасып кеткенін, ұлымен Алматыда тұратынын айтты.

Сондай-ақ, ұлты қазақ болғанымен, бойында еврей және татар қаны барын да жасырмаған.

Ал діни бағыты туралы сұраққа актриса өзінің жиырма жылдан бері христандық ілімді ұстанып жүргенін айтып, жауап қатты.

"Анам әкеммен кездеспей тұрып, 20 жылдан аса уақыт бойы христан дінін ұстанамыз. Протестанттық бағыттағы христиандық жаным мен жүрегіме жақын. Бұл менің саналы түрдегі жеке таңдауым", - деп жазды актриса.

актриса Альмира Тұрсын
скриншот: instagram.com/almiratursyn/

Альмира Тұрсын барлық дінге толерантты түрде қарайтынын, әр адамның таңдауын құрметтейтінін ашып айтты.

Айта кетелік, бұған дейін Альмира әкесінің ұлты кәріс екенін айтып, оны туған күнімен құттықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957045-bul-menin-sanaly-turdegi-tandauym-aktrisa-almira-tursyn-xristian-dinin-ustanatynyn-asyq-aitty/

pixel