Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гүлін қабылдап алдым": Мөлдір Әуелбекова өзіне сөз салған жігіт жайлы айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Жақында екінші некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова өзіне сезімін білдіретін жігіттердің бар екенін айтып қалды. Айтуынша, осыдан бірер күн бұрын белгісіз азамат оған гүл сыйлап, сөз салған, деп жазады Экспресс Қазақстан.

Басылымның жазуынша, Мөлдір Әуелбекова бұл жағдай туралы өзінің Instagram парақшасында баяндаған. Өнер иесі гүл шоғын алғанымен, оның ұсынысын қабылдамаған.

Ол өзіне сезімін білдіргісі келетіндерге үміттерін үзуге кеңес берді.

"Осыдан екі жыл бұрын бір кісі хабарласатын, сөз айтатын. Кейін мен тұрмысқа шыққан соң ол жігіт хабарласуды қойды. Бүгін сабақ өтуге барсам, бір жігіт гүл ұстап тұр. "Мен бұрын сізге хабарласып тұратын жігітпін ғой" деп есімін айтты.
Гүлін қабылдап алдым. Көңіл ғой". Құрметті маған сезімін білдіргісі келетін жігіттер. Үміттеріңізді үзіңіздер", — дейді Мөлдір Әуелбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова өзінің жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарған болатын. Эстрада жұлдызы бүгінде жүрегі "тас" болып қалғанын айтып, тағы да тұрмысқа шығу жайлы сөз қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957277-gulin-qabyldap-aldym-moldir-auelbekova-ozine-soz-salgan-zigit-zaily-aitty/

pixel