Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдіжаппар Әлқожа 30 мың адамға көкпар беріп, ұлдарына дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Жарияланған күні:

Әбдіжаппар Әлқожа
Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Ұлдарын сүндетке отырғызған Әбдіжаппар Әлқожа Жетісай өңірінде 30 мың адамға көкпар беріп, дүркіретіп той жасады. Өнер иесінің қуанышында бірқатар қазақстандық жұлдыз бой көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа көкпарды қос ұлы Ахмад-Әли және Расулды сүндетке отырғызу қуанышына орай өткізген. Тартысты спорттық доданың соңы ұлан-ғасыр тоймен аяқталған.

Эстрада жұлдызы отбасылық қуанышын дүркіретіп атап өту үшін арнайы ерекше датаны (22.02.2022) таңдаған.

Әлеуметтік желіде Әбдіжаппардың әріптестері дүбірлі тойда түскен суреттері мен алған әсерін бөлісуде.

"Тарихта қалатын көкпар, ел есінде жүретін той боп жатыр! Дүбірлі думанға біз бен сіз куә болдық. Әбдіжаппар бауырым қазақ пейілінің кеңдігін көрсетті. Мұндай тойды көрген де арманда, көрмеген де арманда! Әбдіжаппар бауырым, қуаныш себепшілері болған перзентіңмен 1000 жаса!" - деп бөлісті тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан. 

"Өнерде жүргендер бір-бірімен көрісіп амандасу бөлек, тойына да ұят болмасынға салып келетініміз бар кейде. Дегенмен Әбдіжаппар бауырым екеуіміз күнде көріспесек те, бір-бірімізге шын тілектес екенімізді көрген сайын айта алатын адамдармыз.

Жетісай өңірінде күндіз 30 мың халық жиналған бата көкпар тойың, кешке ұлдарыңа берген сүндет той құтты болсын. Бұл тойға да тілектеспін", - деп ақ тілегін білдірді әнші Ғазизхан. 

Әлқожаның тойына "Музарт" тобынан бастап, Нұрболат Абдуллин, Еркін Нұржанов, Ғазизхан Шекербеков сынды көптеген елімізге белгілі жұлдыздар қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957410-abdizappar-alqoza-30-myn-adamga-kokpar-berip-uldaryna-durkiretip-toi-zasady-foto-video/