Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Артур Дәулетияров алғаш рет әке атанды (фото)

Жарияланған күні:

Артур Дәулетияров қызымен
Фото: Instagram/artur_davletyarov

"RaiM & Artur" дуэті арқылы қалың көпшілікке танылған әнші Артур Дәулетияров алғаш рет әке атанды. Өнер иесінің жары оған қыз бала сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке бұл жаңалығымен Instagram парақшасында жанкүйерлерімен бөліскен. Артур Дәулетияров қызымен түскен алғашқы суретін де жариялады.

"23 ақпанға жасалған ең үздік сыйлық. Сүйіктім, қызымыз үшін рахмет", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесін жарыса құттықтап, отбасына ақ тілектерін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Үлкен азаматша болсын", "Еліне сыйлы ару болсын", "Қызды болу нағыз бақыт", "Қуаныштарыңыз еселене берсін", "Бауы берік болсын. Сіздердің мақтаныштарыңыз болсын", "Артур сенен жақсы әке шығады", "Әке болған қатты жарасады екен", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957663-ansi-artur-dauletiyarov-algas-ret-ake-atandy-foto/