Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қанатың қайрылмасын": Төреғали Қайратты туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі
Фото: Instagram/toregalitoreali

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі өнердегі бауыры Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтап, оған арнайы жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі туған күн иесіне деген ақ тілегін Instagram парақшасы арқылы жолдады. Ол Қайрат Нұртастың өмірде қандай азамат екенін сипаттап, оны энергияға теңеді.

"Бүгін - Қайраттың күні! Қайраттың мерекесі! Бұл жазбаны "Қайрат деген кім?" деп бастауға болар еді. Бірақ, Қайраттың қандай тұлға, қандай азамат екенін бүтін Қазақстан түгілі, бүкіл Орта Азия, Америкаға дейін біледі. Қаншама халық мойындайды. Сондықтан, бұл постты "Қайрат” дегеніміз не?" деп бастағым кеп тұр. Абай атамыз "Сабырлылық, ұстамды шыдамдылық, Ол Қайраттан шығады, білсең керек" демей ме? Қайрат дегеніміз - энергия. Әлемді мойындатуға, атыңды шығаруға, шаршамай еңбек етуге толассыз қайрат керек екені даусыз. Бірақ, Абай атамыз қайраттың көкесі ұстамдылықпен сабырлылыққа керек деп отыр. Өйткені, нағыз жігіттің жігіттігі осындай сынақта білінеді екен ғой.

"Аюды жеңген адам жарты батыр, ашуын жеңген адам бүтін батыр" дегендей, елдің қамы, әулеттің бүтіндігі, үйдің берекесі үшін ашуын жұтып, адамдарды жарастыру үшін өзімшіл мінезінен бас тарта алған еркек - нағыз еркек емес пе? Ел білетін Қайратты қайдам, мен білетін Қайрат сондай азамат!

Басқадан биікке ұшып, айналасынан бұрын аспандап кеткен аңғал құстардың оққа ерте ұшатыны секілді көптің алдында шығып, Алла абыройын көтерген жігіттерге де шибөрідей жабылып, бастағы бағын шайқағысы келетін көре алмастардың көп болатыны заңдылық.

Алайда, қандай қарсылық пен сынаққа тап болса да, өнердегілерге өнеге, ізіндегі інілерге үлгі болсам деп жүрген Қайраттың қанаты ешқашан қайрылмасын деп тілеймін! Бақытың бүтін, ғұмырың берекелі болсын Қайыр аға! Алла сені панасынан тастамасын! Қай кезде де қасыңнан табылар бауырларың бар екенін біле жүр", - деп жазды "Ұлы дала баласы".

Айта кетейік, Қайрат Нұртас туған күнінде балалары қасында болмағаны үшін өз өкінішін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957878-qanatyn-qairylmasyn-toregali-qairatty-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady/

pixel