Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде эстрада жұлдыздарының "түкірігі" сатылып жатқаны рас па (видео)

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: Мессенджерлерде тараған ролик

Әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде Қазақстанның танымал әншілерінің "түкірігі" құтыға құйылып, сатылып жатқаны туралы видео тарады. Ел тұрғындарының басым бөлігі бұл ақпаратты тура мағынада қабылдаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

StopFake басылымы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, видеоны редакторлар әзіл үшін жасағанын хабарлады.

Бұл туралы экранның төменгі жағындағы жүгіртпе жолда да жазылған.

"Бұл әзіл видео көңіл көтеру мақсатында жасалып, тарап жатыр. Сюжеттегі көрініс толығымен ойдан шығарылған және қосымша материалдар ретінде YouTube видеохостингінде қолжетімді видеолар қолданылған", - делінген жазбада.

Айта кетейік, видеоның түпнұсқасы Instagram әлеуметтік желісіндегі perowsk парақшасында жарияланды. Бұл аккаунттан басқа да әзіл видеоларды көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957899-elimizde-estrada-zuldyzdarynyn-tukirigi-satylyp-zatqany-ras-pa-video/

pixel